USD
USD
USD

Абай Құнанбайұлы жайлы телесериал түсіріледі

Биыл мерейтойға орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады

Абай Құнанбайұлы жайлы телесериал түсіріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы құрметіне ақын туралы телесериал және бірнеше деректі фильм түсіріледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында айтылған.

"Ақынның өмірі, мұрасы, қазақ мәдениетін дамытудағы рөлі туралы бірнеше деректі фильм және "Абай" телесериалы түсіріледі", – делінген мақалада.

Маңызды жобаның бірі – ұлы ақынның шығармаларын он тілге аударып, басып шығару. Атап айтқанда, Абай еңбектері ағылшын, араб, жапон, испан, итальян, қытай, неміс, орыс, түрік, француз тілдеріне тәржімаланады.

"Ақын тойынан өнер саласы да тыс қалмайды. Республикалық және халықаралық деңгейде театр және музыка фестивальдері өтеді. Биылғы бәйгелер Абай шығармашылығына арналады. Әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатын болады", – деп жазды Тоқаев мақаласында.

Сонымен қатар, тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлесіп "Абай мұрасы және әлемдік руханият" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

Ал қазанда Нұр-Сұлтанда "Абай және рухани жаңғыру мәселелері" тақырыбында халықаралық конференция өтеді.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды