USD
USD
USD

Абай Құнанбаевтың мұрасы Еуропаның тағы да бір тіліне аударылады

Словакияда Абай Құнанбаевқа арналған шара өтті. Братиславадағы Ғылым академиясының орталық кітапханасына кемеңгер ақынның кітаптары сыйға тартылды

Абай Құнанбаевтың мұрасы Еуропаның тағы да бір тіліне аударылады
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Қазақстан елшілігі мен мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға жоғары лауазымды тұлғалар қатысты. Братислава - Абай шығармалары әкелінген Еуропаның үшінші астанасы болды. Ұлттық академиялық кітапхана бұл қалаға 200 кітапты қазақ елінің атынан сыйға тартты. Арасында тарихи романдар, өлең жинақтары, антологиялар мен ұлы ақынның туындылары бар. Сонымен қатар шет елдегі қазақ студенттері оқырмандар үшін Абайдың 32-қара сөзін словак тіліне аударған. Айта кетейік, жазда Братиславадағы Қазақстан елшілігі словак тіліндегі Абай кітабінің тұсаукесерін өткізбек.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі