USD
USD
USD

Абай ауданының әкімі «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Парманов қалалық тиісті басқарма өкілдерімен бірлесе «Ынтымақ-2» шағынауданында жергілікті тұрғындармен кездесіп, инфрақұрылым мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.

Абай ауданының әкімі «Ынтымақ-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Жиында қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары шағынаудандағы құрылыс жұмыстарының барысын баяндап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда шағынауданда ауыз су бойынша ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары атқарылуда. Оған жауапты мердігер – «Компания Ахмет» ЖШС.

Электр жарығы бойынша бюджеттен қаржы қаралап, мердігер мекеме «А.Мерей и К» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, «Ынтымақ-2» шағынауданының батыс бөлігінде де «А.Мерей и К» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары қолға алынған.

Табиғи газ мәселесі бойынша газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына бюджеттен қаржы қаралып, «Энерго Ресурс Шымкентгаз» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Кездесу соңында аудан әкімі жұмыстардың барлығы қала әкімінің бақылауында екенін жеткізіп, мердігер мекемелерге сапалы әрі уақытылы орындауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам