USD
USD
USD

Абай ауданында 38 көше жарықтанды

Шымкент қаласы Абай ауданында 1034 шақырымды құрайтын 1025 көше бар.

Абай ауданында 38 көше жарықтанды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Оның ішінде 28-і магистральды, 997 көше ішкі орамдық жолдар санатына жатады.

Ауданда 651 көше асфальт төселген, 352 көше тас жол және 13 шақырымды болған 22 көше топырақ жолдар.

Тас жолдарға жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы тарапынан 2025 жылға дейін асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр.

Ал аудандағы көшелердің жарықтануы 2021 жылға дейін 7 пайызды құраған болатын. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 38 көшеге жарықшам орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 9 көше жарықтандырылады. Нәтижесінде, аудандағы көшелердің жарықтандырылуы 11,5 пайызға өседі.

2022-2023 жылдары 45 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылуы жоспарлануда. Халық тығыз орналасқан 200 көшеге көше шамын орнату үшін энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына ұсыныс берілген.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек