USD
USD
USD

Абай ауданында 35 спорт алаңшасы салынуда

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген ашық спорт алаңшасына барды.

Абай ауданында 35 спорт алаңшасы салынуда
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Соңғы жеті жылда 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды.

Осы жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға, 12 спорт алаңшасын ағымдағы жөндеуге, 35 спорт алаңшаларын орнатуға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.

2022 жылы 15 ауланы абаттандыру, 50 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр.

Қала әкімі тұрғындарға енді бұл алаңшаларды күтіп ұстау керектігін айтса, доп теуіп риза болған балалар өз алғыстарын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек