USD
USD
USD

«Абай» саябағы ашылды

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында Конституция күні қарсаңында екі бірдей саябақ ашылды.

«Абай»  саябағы ашылды
Фото: NEGE.kz

Демалыс орнының біріне қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ғұлама ойшыл Абайдың есімі берілді. Саябақта ұлы ақынның мүсіні бейнеленген зәулім ескерткіші орнатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саябақтың жалпы аумағы - 2 гектар.

Онда қазірдің өзінде 400 түп тал егіліп, айналасы абаттандырылған. Түрлі-түсті шамдар орнатылып, аяқ жолдар төселген. Алдағы уақытта жергілікті тұрғындардың жанға сая табатын сүйікті демалыс орны болмақ.

Жаңа демалыс орнының салтанатты ашылуына аудан әкімі Салыхан Полатов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов қатысып, жұртшылықты Конституция күнімен құттықтады.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов