USD
USD
USD

Абаев: Республикалық спорт колледжі жабылмайды

Алматыдағы Республикалық спорт колледжі өз жұмысын жалғастырады. Колледж орнына ашылуы тиіс Жаттықтыру орталығы енді колледждің жанынан ашылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында жазды.

Абаев: Республикалық спорт колледжі жабылмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министр колледжде білім алушы балалар, ата-аналары мен жаттықтырушылары оқу орны жабылып қала ма деп алаңдаулы екенін жақсы білетінін жазды. «Сол себепті өткен жұма күні Алматыдағы республикалық маңызы бар мектеп-интернаттарды дамыту мәселелері бойынша кеңес өткіздік.

Жиынға спорттық білім беру ұйымдарының директорлары шақырылды. Ашық әрі сындарлы әңгіме нәтижесінде біз бірлесе шешімге келдік.

Сонымен, колледж орнына ашылуы тиіс Жаттықтыру орталығы енді сол білім ордасының жанында ашылады. Орталық жыл бойы үздіксіз жұмыс істеп, спорттық мекемелердің қадамына оң серпін беруі керек. Мұнда талантты спортшыларымыз өзінің спорттық мансабын әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алады. Мекеме кешенді ғылыми топтың қатысуымен озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып құрылады. Одан бөлек, 2022-2023 оқу жылында бірінші курс студенттерін қабылдау кезінде іріктеу жұмыстарын мұқият жүргізуді тапсырдым»,- деп жазды Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, министр колледж жанынан ашылған тәжірибелік сыныптардың «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ мен «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-не ауысатынын мәлім етті.

«2011 жылы колледж жанынан ашылған тәжірибелік кластарға келетін болсақ, бұл сыныптарда оқыған балалар сапалы спорттық білім алып, материалдық базасы стандартқа сай оқу орнында спортпен шұғылдануы тиіс. Сондықтан аталған сыныптар «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ мен Алматы қаласы Шаңырақ ықшам ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ-не ауысады», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park