USD
USD
USD

Сирияда 30-дан астам қазақстандық бар – Абаев

Бұл туралы мәліметті Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев РИА Новостиге берген пікірінде айтты.

Қазақстанның Ресейдегі елшісі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Сириядағы 30-дан астам қазақстандықтардың көпшілігі өз еліне оралуға ниетті емес. Кейбіреулері Сирия азаматтығын алып, сонда тұрақты тұруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Сириядағы күрд жасақтары бақылауындағы «әл-Хол» және «Родж» лагерьлерінде оннан астам отандасымыз бар, олардың да өз Отанына оралатын ниеті жоқ», – деді елші.

Ол сондай-ақ, Қазақстанның Сирияға кеткендердің оралуына алаңдауға негіз жоғын, бұл мәселе қазақстандық арнайы қызметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті.

«Сириядағы соғысқа кеткендердің елге оралуына байланысты алаңдауға негіз жоқ... Бұл мәселе Сириядағы азаматтарымызды бақылау, қайтару және экстрадициялау бойынша практикалық тәжірибесі мол қазақстандық арнайы қызметтің ерекше бақылауында. Сондықтан Қазақстанға оралғандардың деструктивті әрекеттеріне қатысты алаңдаушылық жоқ», – деді Дәурен Абаев.

Оның сөзіне қарағанда, олардың Сириядан оралуы – оқшауланған жағдайда және олар биліктің бақылауында. Атап айтқанда, ол 2019-2021 жылдары Қазақстан «Жусан» арнайы гуманитарлық операциясын өткізгенін, оның халықаралық тұрғыда оң баға алғанын еске салды.

«Нәтижесінде 607 азаматымыз, оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар елге өз бетінше оралды. Елге келгеннен кейін лаңкестік әрекеттерге қатысқаны немесе терроризмді насихаттағаны үшін 53 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс қозғауға негізі болмаған қалғандары оңалту шараларынан өтті», – деді елші.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты

Әскери адам, сарбаз

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Есмұхан Обаев

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

 AZAL апаты