USD
USD
USD

АӘК беріле бастады

Пр

АӘК беріле бастады
Фото: NEGE.kz

емьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жаңа механизм бойынша атаулы әлеуметтік көмек 367 мың отбасына беріліп жатқанын мәлім етті. 

Алматы, NEGE. «Әлеуметтік саладағы жұмыстардың басты мақсаты – қазақстандықтардың жағдайын жақсарту. Өздеріңіз білетіндей, биылдан бастап бюджеттік мекемеде еңбек ететін мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет, өнер және спорт саласында қызмет ететін қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 25-30 пайызға көбейеді. Оған қосымша барлық әлеуметтік төлем 5 пайыздан 30 пайызға дейін артады. Қорыта айтқан кезде осы шарамен 7 миллионнан астам қазақстандық қамтылады. Осы шараларды жүзеге асыру үшін бюджеттен 3,7 млрд теңге қаржы бөлінген. Жалпы, биылғы мемлекетіміздің бюджетінің 50 пайызы әлеуметтік салаға арналған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға өскен. Яғни, оның қазіргі көлемі – 8,5 триллион теңге», – деді Бердібек Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаевтың өз сөзінде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа механизмі іске қосылғанын еске салды. «Қазіргі таңда біз 367 мың отбасына 17 млрд теңге төледік. Оған қосымша жергілікті билік тарапынан да көмектер көрсетіледі. Былтырдың өзінде 2 миллионға жуық жерлесімізге әртүрлі деңгейде көмек көрсетілді. Сондай-ақ, былтыр көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 8400 пәтер берілді. Оның ішінде 1100 пәтер кәсіпкерлердің көмегі», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский