USD
USD
USD

Ә. Смайылов халық санағы жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайыловтың төрағалығымен елдегі халық санағы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Ә. Смайылов халық санағы жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мәселен, 29 қазандағы жағдай бойынша халық санағы 19 112 653 адамды қамтыды. Шара аясында еліміздің тұрақты тұрғындарынан бөлек, елде уақытша тұрмайтын тұрғындар (дипломаттар, студенттер, туристер) және шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар мен босқындар да санаққа қатысатыны айтылды.

Ең жоғары қамту Алматы қаласында тіркелді. 1 тамыздағы жағдай бойынша мегаполисте 2 005 496 адам тұрақты тұрады, онлайн санақтың аралық нәтижелері мен интервьюерлердің сауалнамасына сәйкес, қазіргі уақытта 2 188 603 адам бар. Санақ аясында халықтан сауалнама алу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, өңірлер бойынша халық санағына қатысу көрсеткішіне сәйкес Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы көш бастап тұр.

«Біз елдегі динамиканың жаман емес екенін көріп отырмыз. Бірақ жұмыс аяқталған жоқ, 100% қамту тапсырмасын орындауға барлық мүмкіндіктер бар», —  деді Ә. Смайылов.

Еске салайық, Қазақстанда 2021 жылғы ұлттық халық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтуде. 8 қарашаға дейін әдістеме бойынша бақылау мақсатында аралау қарастырылған

Қазір оқып жатыр

«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді

.

2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды

Кісен

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды

Әсет Құралбай

Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ

.