Референдум Референдум
USD
USD
USD

Алматы облысында жүгері өсіретін шаруалар шығынға батты

Былтыр зауыттар өнімнің әр келісін 120-125 теңгеден қабылдаса, биыл небәрі 60 теңгеден аспайды, деп жазды «Хабар 24».

Алматы облысында жүгері өсіретін шаруалар шығынға батты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл диқандардың ала жаздай еңбегі мен шығынын мүлдем өтемейді.

Сондықтан Еңбекшіқазақ ауданындағы бірқатар шаруа қожалығы жүгері алқаптарын шаба алмай қалды. Бұл мәселені олар Қонаев қаласында өткен жиында көтерді. Облыста жиналған жүгеріні сақтап, кептіретін қойма тапшы. Шаруалар содан қиналады.

"Тіпті, көрші Қытайға да өнімді өткізе алмаймыз", - дейді .

"Шелек өңірінде қазір 40% ғана жүгері шабылды. Қалған 60% сол күйінде полелерінде тұр. Неге десеңіздер шаруа қожалықтарына өткізетін жер жоқ. Қазіргі жүгерінің бағасы жүгерінің ылғалдығына қарап алады. скл "Мысалы, Шелек ауылында үлкен ХПП тұр. Соны халық игілігіне беріп, жаратса болатын еді ғой", - дейді шаруа қожалығының басшысы Мунардин Османов.

Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаровтың айтуынша, шаруалар мәселені талқылау үшін парламентке шақырылады.

"Сауда министрлгі, ауылшаруашылығы, экология министрлігі, жер мәселесі комитеті бойынша барлығын отырғызып, сол жерде жауабын береміз", - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда