USD
USD
USD

Алматыда «Алдар көсе» балетінің премьерасы өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында алғаш рет «Алдар көсе» ертегісінің желісімен балет сахналанды

Алматыда «Алдар көсе» балетінің премьерасы өтті
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлады Kazinform.

Алматы, NEGE.Театрдың мәліметінше, осыдан 30 жыл бұрын қазақтың көрнекті балетмейстері Ментай Тілеубаев пен композитор Алмабек Мейірбеков «Алдар Көсе» балетін театрда сахналамақ болған. Алайда, балеттің музыкасы аяқталмай қалған. Араға 30 жыл салып аталмыш балетті Ментай Тілеубаевтің ұлы әрі ізбасары, Жапония балет театрының жетекші балет солисі, балетмейстер Майлен Тілеубаев көрермен назарына ұсынды.

"Балетте Алдар көсе мен басқа да кейіпкерлердің бейнесін ашуда керемет актер әрі режиссер Шәкен Аймановтың «Алдар көсе» фильмінің пайдасы көп болды. Себебі, Шәкен Айманов бұл фильмде барлық кейіпкерлерді жақсы көрсете білген. Сондай-ақ балетті сахналауға Константин Алтайдың «Алдар көсе» кітабының көмегі көп болды. Бұл кітапта қазақ халық ертегілерінің негізінде Алдар көсе туралы баяндалған. Тапқыр Алдар көсе әрқашан мейірімді, адал адамдарға көмектесуге дайын, ал ашкөз, айлакер, жалқау адамдарды жаны сүймейді. Адам бойындағы бұл ерекше қасиеттер «Алдар көсе» балалар балетінде көрсетіледі, – деді Майлен Тілеубаев.

Театрдың баспасөз қызметінің атап өтуінше, жаңа премьера музыкасы естілген сәттен көрермен көңілін баурап, хореографиясы мен әртістердің актерлік шеберлігі нағыз ғажайып әлемге жетелейді.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама