USD
USD
USD

Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды

Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлікті құрайды, жобаға шамамен 250 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция салынады

Қостанайда Kia автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Фото: NEGE.kz

, деп жазды үкіметтің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Қостанайда Kia автомобильдері өндірісінің толық циклін қамтитын зауыттың құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын ресми бастау рәсіміне премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Жоғары жалақы төленетін 1 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 70 мың автокөлік болмақ. Жобаға шамамен 250 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция салынады.

Роман Скляр Kia компаниясы алғаш рет Корея Республикасынан тыс жерде бірлескен кәсіпорын мен зауыт салуға тікелей инвестиция салып отырғанын атап өтті.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтілуде, содан кейін жабдықтар орнатыла бастайды. 2025 жылдың бірінші тоқсанында зауыт пилоттық режимде іске қосылады, ал екінші тоқсанында өндірістің толық циклі ашылады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар