USD
USD
USD

Қазақстан құрамасы Азия пара ойындарын 11-орынмен аяқтады

Ханчжоудағы IV Азия пара ойындарында қазақстандық спортшылар жарысты 11-орынмен аяқтады

Қазақстан құрамасы Азия пара ойындарын 11-орынмен аяқтады
Фото: NEGE.kz

, деп жазды  Sports.kz порталы.

Алматы, NEGE. Еліміздің атынан соңғы болып жарыс жолына 107 келіден жоғары салмақ дәрежесінде пауэрлифтер Ғани Исентемиров шықты. Ол жарыс қорытындысы бойынша алты спортшының арасынан алтыншы орынды иеленді. 

Бұл додада қазақстандық параспортшылар барлығы 41 медаль жеңіп алды: 8 алтын, 12 күміс және 21 қола. Ел намысын 14 спорт түрінен 131 спортшы қорғады. Осылайша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-орынға тұрақтады. 

Медальдық есепте жарыс қожайыны Қытай құрамасы жеңімпаз атанды. Олардың қоржынында – 521 медаль (214 алтын, 167 күміс және 140 қола). Одан кейін 131 медальмен (44-46-41) Иран құрмасы екінші орынға жайғасты. Ал жапондықтар 150 медальмен (42-49-59) үздік үштіктен көрінді. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.