USD
USD
USD

Корея президентінің енесі қомақты қаржы жымқырғаны үшін сотталды

Сотта жүйкесі сыр беріп, талып қалды. 

Корея президентінің енесі қомақты қаржы жымқырғаны үшін сотталды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Шоттағы теңгерімге жалған банк құжатын жасағаны үшін Кореяның құқық қорғау органдары ел президентінің енесі Юн Сок Ёлді ұстады. Йонхап агенттігінің хабарлауынша, әйел бір жыл бұрын 1 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ кейін 76 жастағы әйел апелляциялық шағым түсіріп, қамауға алудан аман қалған.

Ол бір жылға жуық уақыт бойы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге тырысты. Бірақ соңғы сот оның шағымын қанағаттандырмады. Сол сәтте Юн Сок Ёлдің жүйкесі сыр беріп, есінен танып қалған.

Бұл ретте президентінің енесі депозитке 34,7 миллиард вон (шамамен 27 миллион доллар) салғаны туралы жалған сертификат жасағаны үшін сотталып отыр. Бұл сертификатты ол 2013 жылы Сеулдің оңтүстігіндегі Соннам қаласынан жер телімдерін сатып алу үшін пайдаланған. Апелляциялық сот мұнысын ауыр қылмыс деп тапты.

Агенттік Корея президентінің енесі бұған дейін де заң қайшылықтарына тап болғанын атап өтті. Ол 1,7 миллион долларға жуық федералды медициналық сақтандыру алаяқтық ісіне қатысқан. Ақша ол ашқан қарттар мекемесінен қажетті медициналық лицензиясыз кетіп отырған.

Юн Сок Ёл басында 3 жылға бас бостандығынан айырылып, 2022 жылы Сеул соты оны кінәсіз деп тапқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.