USD
USD
USD

Ақмола облысында 29 миссионер дін уағыздап жүр

Жат ағымды насихаттап жүрген миссионерлер ұсталды. 

Ақмола облысында 29 миссионер дін уағыздап жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл Ақмола облысында 7 миссионер тіркеуден өтіп, куәлік алған. Облыста 190 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Оның 90-ы – ислам, 46-сы – православтық, 41-і – протестант, 11-і – католиктік бағыттағы, 1-еуі – Бахаи діні және 1-еуі – Ақмола облысының Кришна Сана қоғамы. Өңірдегі жалпы діни нысандар саны – 152. Оның 89-ы – мешіт, 29-ы – православтық шіркеу, 12-сі – католик шіркеуі және 22-сі – протестанттық дұға үйлері, - деп жазылған облыстық әкімдік хабарламасында.

Жергілікті құзырлы органның мәліметінше, өңірде қазір уағыз жүргізетін 29 миссионер бар екен. Оның ішінде 19 адам – Польша, 5 адам – Филиппин, 1 адам – Қазақстан, 1 адам – Ресей, 1 адам – Германия, 1 адам – Швейцария және 1 адам – Италия азаматы.

«Барлық 29 миссионер католицизмді уағыздайды. Жыл басынан бері миссионерлерді тіркеу, куәлік беру бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді», - делінген әкімдік хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net