USD
USD
USD

ШҚО-да таулы жерде шыққан өрт екі күннен кейін сөндірілді

Таулы жерде шыққан өрт екі күннен кейін сөндірілді. 

ШҚО-да таулы жерде шыққан өрт екі күннен кейін сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы таулы жерде шыққан өрт екі күннен кейін толықтай сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 шілде күні Күршім ауданының Құйған ауылдық округіндегі таулы жерді шыққан өрт екі күннен кейін ауыздықталды.

«8 шілдеде сағат 11.00-де жалпы ауданы 20 гектар аумаққа жайылған тілсіз жау толығымен сөндірілді. Өрт техника жетпейтін қиын жерде болғандықтан оны өшіру үшін құтқарушыларға жаяу жұмыс істеуге тура келген. Сол себепті өрт сөндіру жұмыстары ұзаққа созылды», - делінген ақпаратта.

Қызыл жалынмен күреске жергілікті атқарушы органдардан, ТЖД, Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан 100-ден астам адам мен 15 техника жұмылдырылған.

Еске салсақ, кеше Күршім ауданындағы таулы жерде шыққан өрттің таралуы тоқтатылғаны хабарланған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.