Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Тоқаев: «Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емес»

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасатынын айтты. 

Тоқаев: «Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емес»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасын табады. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық. 

Ал, олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес. 

Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді.

Сондай-ақ, жасалған реформалардан кейін Қазақстан Президенті мемлекеттік басқарушы, яғни Конституцияда көрсетілген 7 жылдық мерзімге халықпен өзара келісімшартқа отыратын менеджер ретінде қызмет етеді. 

Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емес», - деді Қ.Тоқаев. 

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш