21 Мамыр 19:36
...

Астанаға әр өңірден жиналған 1 мың музыкант бір сахнада өнер көрсетті

Фото:

1 мың музыкант жиналып, бір сахнада өнер көрсетті. 

Алматы, NEGE. Олар – хор ұжымдары, оркестрлер, виртуоз аспапшылары, опера және халық әншілері. «Астана опера» театрында тұңғыш рет өткізіліп отырған айтулы іс-шара аясында сахнада бір уақытта елдің әр өңірінен 1 мыңнан аса музыкант жиналып, өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламаға еліміздің әр өңірінен келген 24 шығармашылық ұжым өкілі қатысты. Хор ұжымдары, оркестрлер, виртуоз аспапшылары, опера және халық әншілері атақты скрипкашы, дирижер және композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиевтің «Ұлы дала әуені» атты одасын бірге орындады.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған іс-шаралар апталығын лайықты түрде аяқтадық деп ойлаймын. Біздің бастамамызды қолдағандардың бәріне және Мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында өнер көрсетуге шақыруды қабылдаған шығармашылық ұжымдарға рақмет айтқым келеді.

Осы жобаға қолдау білдіріп, қатысқаны үшін Марат Бейсенғалиевке ерекше алғыс. Министрлігіміз мәдениет пен өнер саласын дамыту және қолдау бағытындағы жұмысты жалғастырады. Алдағы уақытта белгіленген нақты тапсырмаларды сіздермен бірге орындай алатынымызға күмәнім жоқ», - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Тегтер: