USD
USD
USD

Италия премьері Астанаға келмейтін болды

Италия премьер-министрі Астанаға келмейтін болды. 

Италия премьері Астанаға келмейтін болды
Фото: NEGE.kz

 Алиаты, NEGE.  Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонидің Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайды. Бұл туралы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.  Айтуынша, Эмилия-Романья аймағындағы жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитінің соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады. Осы себепке байланысты Джорджа Мелонидің Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайды. Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған. Айта кетейін, Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі