USD
USD
USD

Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге батып кетті

2 жасар бала өзенге құлап, батып кетті. 

Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге батып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облысында 2 жасар бала өзенге құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

4 наурыз күні сағат 18.00-де Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округінің Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғындары 2020 жылы туған баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерден) судан алып шыққаны туралы хабарлама түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурыз күні күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған сәби суға түсуге жабдықталмаған жерде – үйге жақын маңдағы өзенге құлап кеткен.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барды», - делінген министрлік мәліметінде.

Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana