USD
USD
USD

Қазақстанда жол-көлік апаты көбейген

Елімізде жол апаты көбейген. 

Қазақстанда жол-көлік апаты көбейген
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елдегі жол-көлік апаты туралы статистикалық деректерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресми статистикаға сәйкес, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғалары 6%-ға, олардан қайтыс болған азаматтар саны 7%-ға және жараланғандар 6%-ға өскен. Талдау көрсеткендей, жолдағы апат статистикасының нашарлауы 2020-2021 жылдардағы пандемия кезеңінде енгізілген шектеулер аясында болып отыр. 2019 жылмен салыстырғанда апат саны шамамен 11%-ға, жараланғандар 14%-ға қысқарды, қайтыс болғандар саны іс жүзінде сол деңгейде қалды», - деп жауап берді Р. Скляр депутат сауалына.

Оған қоса, кейінгі жылдары елімізде автокөлік саны өсіп келеді және 4,7 млн көлік құралы бар (2019 жылы – 4,1 млн, 2020 жылы – 4,2 млн, 2021 жылы – 4,3 млн).

Барлық жол-көлік апатының 75%-ға жуығы елді мекендерде, «өлімге әкеп соғатын» ЖКО жартысына жуығы қала сыртындағы трассаларда болады. Әрбір үшінші жол-көлік оқиғасына ұшыраушы, қайтыс болған және жараланған әрбір төртінші адам – жаяу жүргіншілер. ЖКО-ның негізгі себептері жүргізушілердің жылдамдық режимдерін асыруы және жаяу жүргіншілердің жол жүру қағидаларын бұзуы болғандықтан, полиция тиісті ден қою шараларын күшейткен.

Қазір оқып жатыр

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы

Алматы әкімдігі эвакуация туралы ақпаратты теріске шығарды

сел қаупі

«Рейстің кешігуі мәселесіне назар аударды»: Тоқаев Air Astana басшысын қабылдады

 Air Astana