USD
USD
USD

Өзбекстанға бір жылда 5 млн-нан аса турист келген

Өзбекстан соңғы жылдары туризм саласы арқылы қаржы табуға кірісті. 

Өзбекстанға бір жылда 5 млн-нан аса турист келген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Өзбекстанға туристік мақсатпен 5,2 миллион шетел азаматы келген. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.

Өзбекстанның статистика комитетінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 миллион адамға немесе 2,8 есеге өсткен.

Саяхаттау мақсатында келгендер арасында ең көбі көрші Қазақстаннан – 1,5 миллионнан астам.

2022 жылы Өзбекстанға мына елдерден ең көп азаматтары туристік мақсатпен келген:

Қазақстан – 1 млн 551,1 мың адам;

Тәжікстан – 1 млн 447,8 мың адам;

Қырғызстан – 1 млн 356,9 мың адам;

Ресей – 567,7 мың адам.

Сондай-ақ Түркия (75,6 мың), Оңтүстік Корея (19,9 мың), Германия (17,7 мың), Үндістан (16,8 мың), АҚШ (13,1 мың) және Франция (11 мың) азаматтары келген.

Қазір оқып жатыр

«800 млн теңге емес»: Перуашев Алматыдағы үй туралы қауесетке жауап берді

Ақ жол

Біздің елде қоғамды екіге жаратындай саяси дау-дамайлар жоқ – Ерлан Қарин

Ерлан Қарин

Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді

Бибісара Асаубаева

Бектенов халықтың нақты табысы неге төмендегенін айтты

Мәжіліс