USD
USD
USD

Боксшы Сәкен Бибосынов күміс жүлдегер атанды

Азия чемпионатында Сәкен Бибосынов күміс жүлдеге ие болды. 

Боксшы Сәкен Бибосынов күміс жүлдегер атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов өзбекстандық қарсыласынан ұтылып қалды. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлайды.

Финалда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізген Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырық түйістірді. Төрешілердің есебінде айырмашылық болғанымен, жеңіс Өзбекстан боксшысына берілді. Осылайша, Сәкен Бибосынов күміс медальді иеленді.

Мұның алдында қазақстандық боксшы жапониялық Томоя Цубоимен жұдырықтасып, төрешілер есебімен (5:0) финалға жолдама алған болатын.

Еске салсақ, Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін ерлер арасында 9 қазақстандық алтын жүлдеге таласатыны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова