USD
USD
USD

Республика күніне орай демалыс уақытын ауыстыру туралы қаулы қабылданды

Биыл республика күні мемлекеттік мереке қатарына қосылды  

Республика күніне орай демалыс уақытын ауыстыру туралы қаулы қабылданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 25 қазанда еліміздің ұлттық мерекесі ретінде алғаш рет Республика күні аталып өтеді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты. Республика күнін мерекелеу аясында демалыс күнін ауыстыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойылды. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «2022 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы №713 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Үкіметтің 07.10.2022 жылғы №796 қаулысына қол қойды.

Қаулыға сәйкес демалыс күні 2022 жылғы 22 қазан, яғни сенбіден 2022 жылғы 24 қазан, дүйсенбіге ауыстырылады. Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтарға мереке кезінде демалысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. «Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі», – делінген primeminister.kz сайтында. 

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев