USD
USD
USD

1 млн қазақстандық Өзбекстанға туристік сапармен барған

Өзбекстанда жыл басынан бері шетелдік туристер ағыны 3,2 есеге артып, елдің туристік саласы қалпына келуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

1 млн қазақстандық Өзбекстанға туристік сапармен барған
Фото: NEGE.kz

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 2022 жылғы тоғыз айда елге турситік мақсатпен 3,6 млн шетел азаматы келген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 миллионға, немесе 3,2 есеге көп.

Барлық шетелдік туристің үштен бір бөлігі, яғни 1 076,2 мың адам – Қазақстан азаматтары. Сондай-ақ туристік ағын көшбасшыларының үштігіне Өзбекстанмен көршілес елдер Қырғызстан мен Тәжікстан кірді. Бұл елдерден Өзбекстанға сәйкесінше 952,1 мың және 950,3 мың адам келген.

Ресей Федерациясынан сапарлаған қонақтар саны 395,1 мың адамды құрады. Алыс шет мемлекеттерден 226 мың турист келген, оның ішінде Түркиядан – 53,3 мың, Оңтүстік Кореядан – 13,3 мың, Германиядан – 13,5 мың, АҚШ-тан 9,8 мың адам барған.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан өзбекстандықтар үшін ең танымал екінші туристік бағытқа айналды. Жыл басынан бері Қазақстанға 700 мыңнан астам өзбекстандық турист келген.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар