USD
USD
USD

Ыстамбұлда жеті баллдан жоғары жер сілкінісі болуы мүмкін

Мамандар алдағы уақытта Ыстамбұлда жоғары баллды жер сілкінісі болатынын болжауда. 

Ыстамбұлда жеті баллдан жоғары жер сілкінісі болуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандар біраз уақыттан бері осылай деп ескертіп, оның зардабы үлкен болатынын айтып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24». Түркия билігі жер сілкінсе, адамдарды қалай құтқарудың амалын ойластырып қойған. Соған сай ауық-ауық оқу-жаттығу өткізеді. Адамдарын да төтенше жағдайға бейімдеп, құрылысты да мейілінше дүмпуге төзімді етіп салады. Жер сілкінісінің ошағы – Ыстамбұлдағы аралдар. Магнитудасы – 7,5 балл. Мегаполистегі зілзаладан сақтандыру оқу-жаттығудың сценарийі осындай. Ұлттық деңгейдегі эвакуация, орналастыру және жоспарлау жаттығуына 5 мыңға жуық қызметкер мен 300 көлік жұмылдырылған.

Юнус Сезер, апат және төтенше жағдайлар басқармасы директоры:

– Оқу-жаттығуда мемлекеттің барлық мүмкіндіктері қолданылды. Тек қана іздестіру- құтқару топтарымен шектелмей, құрлық, теңіз, әуе құралдары, яғни тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшақтар жұмылдырылды. Жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы барлық ақпарат Бірыңғай жедел басқару орталығына жіберілді.

Сценарий бойынша Ыстамбұлдан бірнеше шақырымда жер сілкінгенін қаланың Еуропа мен Азия бөліктерінде орналасқан 16 миллион тұрғын біліп отырады. Осыған байланысты қала тұрғындарын эвакуациялау үшін 18 ауданда қабылдау пункттері ұйымдастырылып, 5 мыңнан астам шатыр тігілді. Жылжымалы ауруханалар, азық-түлік пункттері, байланыс құралдары іске қосылды. Төтенше жағдайларға арналған апат қосымшасы іске қосылып, тұрғындарды қабылдау пунктеріне жеткізу бойынша жол картасы жасалды. 

Сулейман Сойлу, Түркияның ішкі істер министрі:

– Апаттың қашан болатыны белгісіз. Біз дайындық үшін өте қарқынды және табанды түрде жұмыс істеп жатырмыз. Біз үнемі синергия жасауға және сақтық шараларын қабылдауға тырысамыз. Президентіміздің Түркияның апат алдында, апат кезінде және одан кейін бүкіл әлемге жол көрсететін жағдайға көтерілуі керек деген тапсырмасына сәйкес әрекет етіп отырмыз.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру