USD
USD
USD

Ақтөбе облысында мал ауруы өршіп тұр

Ақтөбе облысында мал ауруы өршіп, шаруалар қиналуда.

Ақтөбе облысында мал ауруы өршіп тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты Көкпекті ауылында ірі қара арасында бруцеллез дендеп барады. Елді мекенде карантиндік шаралардың енгізілгеніне бір жылға таяса да, дерттің басылар түрі көрінбейді. Ал осы уақыт аралығында бұл ауылдың 240-тан астам сиырынан ауру белгісі анықталған. Мұндай жағдай жергілікті тұрғындардың да наразылығын туғыза бастапты. Құралай Ұзақованың қолында қазір бес бұзау ғана қалған. Бұл өткен жылы қорада болған ондаған ірі қарадан қалған мал. Қалғанының барлығы бруцеллезге шалдыққан соң тапсырылып, көзі жойылған. Қазір сауатын сиыр болмаған соң сүт те арманға айналған. 

Кең тараған бруцеллез ауруы бүгінде шаруа қожалықтарының малына да жұға бастаған. Ал ауыл маңында 14 шаруашылық тіркелген. Сондықтан олардың да иелері бұл ретте шұғыл шара керек дейді. Әсіресе дертке қарсы күресуші ұйымдардың сапалы іс жүргізгендерін қалап отыр.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы: ОСК алдын ала нәтижелерді жариялады

Сайлау туралы заң

Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен бюджетке 30 млрд теңге түспей қалған

Ақша

Қазақстанда мектеп формасы жалпы инфляциядан 1,5 есе жылдам қымбаттаған

Қымбатшылық

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза