USD
USD
USD

Прокуратура Алматыдағы ірі тұрғын үйлердің бірін салған мердігерді сотқа берді

Прокуратура Бостандық ауданындағы ірі тұрғын үй кешенінің бірін салушыға қатысты сотқа жүгінді, - деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасы.

Прокуратура Алматыдағы ірі тұрғын үйлердің бірін салған мердігерді сотқа берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қадағалау органы Сәтбаев көшесі 26/4 мекенжайы бойынша орналасқан Бостандық ауданында тұрғын үй кешенін салу кезінде сәулет нормаларының сақталуына талдау жүргізді.

Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары осы учаскедегі тығыздалған құрылысқа, сондай-ақ саябақтардың, әлеуметтік нысандардың және тұрақ орындарының жетіспеушілігіне наразылық білдірген болатын.

"Прокурорлар халықтың тығыздығы ескерілмегенін және нысанды салу құрылыс нормаларының шекті рұқсат етілген параметрлерінен асатынын, сондай-ақ білім берудің әлеуметтік нысандарына түсетін жүктеме ескерілмегенін анықтады", - делінген хабарламада.

Құрылыс салушы 900 орындық мектеп салуға міндеттеме алды.

Сонымен қатар аталған нысанның радиусында балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептерге 2274 орын тапшы екен, яғни мектеп салынса да 1374 орын жетіспейтіні хабарланды.

"Құрылыс нормалары мен ережелерінің басқа да заңбұзушылықтары анықталды. Осыны ескере отырып, Бостандық ауданының прокуратурасы эскиздік жобаны келісу бойынша Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының әрекетін заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді. Прокуратура шағын аудан тұрғындарының тілектері мен әлеуметтік мәселелерді ескере отырып, осы нысанның құрылыс тұжырымдамасын қайта қарау қажет деп санайды", - деді ведомство өкілдері.         

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда байланыс операторларына 300 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Айыппұл

Қазақта жүзге кірмейтін рулар көп – тарихшы

Қазақ рулары

Діни маркетинг: қасиетті құндылық пен коммерцияның арасы қайда?

Діни маркетинг

Алматыда тұрғын үй кешенінде шыққан өрт кезінде әйел адам көз жұмды

Алматыдағы өрт