USD
USD
USD

Депутаттар алматылықтарды қоғамдық спортқа шақырды

Депутаттар алматылықтарды қоғамдық спортқа жұмылуға шақырды. 

Депутаттар алматылықтарды қоғамдық спортқа шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Nur Otan партиясынан сайланған Алматы Мәслихаты депутаттары алматылықтарды қоғамдық спортқа тарту жұмыстарын белсенді ұйымдастырды. 

2021 жылы Жол картасы аясында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысында, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен «Сұңқар» шаңғы трамплинінің екінші кезектегі құрылысы аяқталды. 

Қазақстанның жоғары технологиялық спорт нысаны саналатын, халықаралық шаңғы трамплині кешенінің аумағында енді 580 адамға арналған мінбесі бар әмбебап зал мен үсті жабық 25 метрлік алты жолақты жүзу бассейны және қонақ үй кешені орналасқан. 

«Кешенде бір тәулікте 940 адам келіп , демала алады», - деді Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров.

Сонымен қатар, хатшының айтуынша, бейімдеу-жаттығу орталығы қарастырылған. Ол жерде жаттығу залдары мен кросфитс залдары орын тепкен.  

«Бүгінгі күні Алматыда 3399 спорт нысаны жұмыс істейді. Спорт сарайы, 14 спорт кешені, 12 стадион, 12 кешенді спорт құрамасы және құрама командаларды жаттықтыратын 5 білім беру мен жаттығу орталығы бар. Жастарды салаутты өмір салтын ұстануға тарту үшін қаладағы сегіз ауданда тегін спорт секциялары мен үйірмелері ашылған. Халыққа 50 орталық, қызмет көрсетумен айналысады. «Жаңа Алматы» бағдарламасы бойынша, қаланың шет жақтарында үш спортпен сауықтыру мен жаттықтыру орталығы және теннис орталығы салынған. Алматылықтар спортпен өз ауданында кез келген уақытта шұғылдана алады», - деп атап өтті С.Канкуров.

Шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені - әлемдік шаңғы спортындағы сәулет өнерінің нышаны. Трамплин алыстан көрініп, Алматы қаласының бағыт сілтеушісі іспетті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза