USD
USD
USD

Шымкентте әдеби автобус ұйымдастырылды

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты  әдеби автобус ұйымдастырды.

Шымкентте әдеби автобус ұйымдастырылды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Әдеби іс-шара Шымкент қалаішілік №27 бағыттағы қоғамдық көлікте өткізілді.  Кітапханашылар «Бір ел-бір кітап» акциясы  аясында  «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30кітап» бойынша қызықты танымдық деректер беріп, шығармалардан үзінділер оқыды. Әдеби викториналық сұрақтар ойнатылып жеңімпаздарға сыйлық тапсырылды. Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрының әншісі Тәттібек  Бегалиевтің домбырамен орындаған термелері мен әндері жолаушылар қошеметіне бөленді.  Осы орайда бізге мерекелі де берекелі әдеби автобусты ұйымдастырып, жолаушылармен қызықты саяхат жасауға мүмкіндік берген «Т-Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нурмухамедов Рахымжан Жолбарысұлына алғысымыз шексіз.
    «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайды» -дейді Алаш тұлғасы Мұстафа Шоқай. Ендеше, Тәуелсіздік-ұлттық рухты көтерудің маңызды факторы болары анық.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек