USD
USD
USD

Иракта мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтіп жатыр

Иракта парламент сайлауы өтті.

Иракта мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сайлау учаскілері таңғы сағат жетіде ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Парламенттегі 329 депутаттық мандаттан 3 240 адам үмітті. Оның 900-ден астамы – әйелдер. 40 млн-ға жуық халқы бар елде 26,9 млн адам дауыс беруге құқылы. 83 сайлау округінде 109 партия мен 21 саяси коалиция бақ сынап жатыр. Сарапшылардың айтуынша, халықтың билікке деген сенімсіздігінен сайлаудағы белсенділік төмен болуы мүмкін. Қазір елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Аймақтағы барлық бекет жабылды. Айта кетейік, халықтың Үкіметке қарсы ұйымдастырған ереуілдерінен кейін билік мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуді жөн көрді..

Қазір оқып жатыр

Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті

Вайлберрис

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.

Суреттер үшін туған әпкесін өлтірді ме? Әзербайжанда 18 жастағы жігіт ұсталды

.

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев