USD
USD
USD

Ғалымдар жаңа рекордтық аптап ыстық болатындығын ескертті

Жер бетінде температураның жоғарылау үрдісі жылдамдауда, бұл таяу онжылдықтарда ыстықтың үдей түсуіне соқтырады, деп хабарлайды Axios жаңалықтар сайты.

Ғалымдар жаңа рекордтық аптап ыстық болатындығын ескертті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Цюрихтің Жоғары техникалық мектебінің ғалымдары ауа-райының әдеттен тыс ыстық кезеңдері парниктік газдардың бөлінуімен байланысты болуы мүмкін екенін анықтады. Газ шығарындылары неғұрлым жоғарылаған сайын аптап ыстық ұлғая бермек.

Зерттеушілер сонымен бірге Жердің он жыл ішінде 0,18 градусқа дейін жылынатынын көрсетті. Бұл тұжырымдар парниктік газдар шығарындыларын азайту керектігін көрсетеді. Сонымен қатар, ғалымдар парниктік газдар Жердің климатын тез өзгертіп отырғандықтан, қазіргі қолға алынып жатқан шаралар жеткіліксіз деген пікір білдіріп отыр. «Алдағы онжылдықтарда қазіргі температуралық көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсетін рекордтық аптап ыстыққа дайындалуымыз керек», - дейді зерттеуге қатысушы Эрик Фишер.

Қазір оқып жатыр

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус