USD
USD
USD

Еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлаған

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев IX Азаматтық форумда Қазақстанның негізгі экологиялық мәселелерін атады.

Еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамашы болған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтар мен мемлекет арасындағы диалогты, өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтың негізін қалады. Осы бағытта үкіметтік емес ұйымдар қоғаммен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, азаматтық бастамаларды ұсынып, мемлекеттің нақты саясатын қалыптастыруға белсенді араласуда», – деді министр IX Азаматтық форумда өткен кездесуде.

Спикер табиғи ресурстарды сақтау мен ұқыпты пайдалану республика үшін аса маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Еліміздің экологиялық проблемалары алуан түрлі және оларды шешу үшін кешенді тәсіл қажет. Негізгі экологиялық мәселелерге тоқталсам, ең алдымен ауаның ластануы мен өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды басқарудың төмен деңгейін айтар едім. Үшіншіден, Қазақстанның түрлі өңірлерінде қоршаған ортаның ластануы мәселесі баяғыдан бар», – дейді М. Мырзағалиев.

Министрдің айтуынша, 10 қалада (Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған) ауа ластануының ең жоғарғы деңгейі тіркелген. «Эмиссиялардың жалпы көлемі 2,5 млн тоннаны құраса, соның 56% - Қарағанды мен Павлодар облыстарына тиесілі», – деді М. Мырзағалиев.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп