Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жекке жыл аяғына дейін шығады
Кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов келесі айқасын жыл соңына дейін өткізбек.
рингте Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы WBC Youth әлем чемпионы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) келесі айқасын жыл соңына дейін өткізуді жоспарлап отыр,. Бұл туралы боксшы Instagram-да жазып, жаттығу кезіндегі видеомен бөлісті. «Желтоқсандағы жекпе-жекке дайындалып жатырмыз, жаттығу қарқынды әрі сәтті өтуде», - деді ол. Садриддиннің соңғы жекпе-жегі былтыр 7 желтоқсанда Монреалда (Канада) өткен болатын. Ол жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) нокаутқа жіберген еді. Қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі жұмысын канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы жүргізеді.
Қазір оқып жатыр
Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?
Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті
«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған
АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?