2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Дәрігерлер мен мұғалімдерге әлеуметтік баспана салынады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік баспана құрылысымен танысты. Олардың бірқатары - құрылысы аяқсыз қалған үйлер, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Дәрігерлер мен мұғалімдерге әлеуметтік баспана салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, мыңнан астам пәтер мұғалім, дәрігер сынды бюджеттік сала жұмысшыларына бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл құрылыс көлемі ұлғайтылды. Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтанда 8 мыңнан астам пәтер салынбақ. «Азаматтарды қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің бірі - әлеуметтік баспана. Жеңілдікпен берілетін пәтерлерге ерекше көңіл бөлеміз. Өткен жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеміз. Қыста балық қажетті құжаттармен айналысып, құрылыс маусымында іске кірісуді көздедік.

Жеке қабылдауымда тұрғындар жалдамалы пәтерді 5 жылдан кейін босату мәселесіне де алаңдаушылық білдірді. Арендалық баспана - кезекте тұрған адамдардың 5 жылдан кейін босатуын білдірмейді. Тек 5 жыл сайын келісімшартты ұзартып отыру қажет. Тек жұмыс істейтін жастардың арендалық баспанасы 5 жылда қайтарылуы тиіс. Себебі олар 5 жылда аяққа тұрып, өзге баспаналық бағдарламаларға қатысады», - деді А. Көлгінов. Әзірге биыл Нұр-Сұлтанда 500 мың шаршы метрден астам әлеуметтік баспана пайдалануға берілді. Бұлар кезекте тұрғандарға (халықтың аз қамтылған бөлігіне) және Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі салымшыларына арналған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер