102 студент Ресейден келді
Ресейдің түрлі жоғары оқу орындарында оқитын жетісулық 102 студент Томск қаласы арқылы Алматы әуежайына оралды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Елге оралған студенттер 2 автобуспен Қапшағай маңындағы демалыс орнына жеткізіліп, орналастырылды. Олар екі күн карантинде болады. Оларға демалыс орны аумағынан сыртқа шығуға рұқсат жоқ. Студенттер бірінші кезектегі қажеттіліктермен толық қамтамасыз етіледі.
Бұл орында карантин талаптары мен санитарлық-дезинфекциялық шаралардың қатаң сақталуын тиісті сала мамандары бақылайтын болады. Демалыс орнына кіреберісте полиция посты орнатылған. Студенттердің барлығы КВИ-ге тест тапсырды. Қорытындысы шыққаннан кейін облыс әкімдігі оларды тұрғылықты жерлеріне жеткізу ісін ұйымдастыратын болады.
Қазір оқып жатыр
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия мүшелері не талқылады?

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Каспийдегі оқу-жаттығудан кейін аман қалып, ауруханаға түскен сарбаздың жағдайы белгілі болды

Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинайтын бірыңғай қор белгіленді

