USD
USD
USD

Кітап желісі бойынша прокатқа шығатын фильмдер

Кинофильмнің сәтті шығуы үшін сценарий айрықша маңызға ие. Соңғы жылдары әлемдік киномайталмандары сынақтан өтіп, көпшіліктің ықыласы ауған өнімді қайта ұсынып жүр. Екінші бір топ әлемдік бестселлер болған кітаптар желісін негізге алуда. Осы бағытта биыл жарыққа шығатын фильмдер топтамасын ұсынамыз. 

Кітап желісі бойынша прокатқа шығатын фильмдер
Фото: NEGE.kz


 

«Мінсіз бала күтуші»


Лейла Слиманидің романы бірнеше жыл бұрын Гонкур премиясын алған болатын. Оның желісімен түсірілген фильм қаңтар айының соңында жарыққа шығады. Сюжет бойынша жас француз жұбы ұзақ уақыт іздеп балаларына күтуші табады. Аз уақыттың ішінде ол үйдегі басты адамға айналады. Алайда «мінсіз» бала күтушінің ешкім ойламаған құпиялары бар болып шықты. Киносүйер қауым ол құпияны 30 қаңтардан бастап кинотеатрлардан көре алады. 

«Эмма» 


Джейн Остиннің танымал романы экранға бірінші рет шығып жатқан жоқ. Бұл кітап бойынша түсірілген ең атақты фильм 1996 жылы жарыққа шыққан. Онда басты рөлді Гвинет Пэлтроу ойнаған-ды. Бұл жолы өзінің жеке өмірінің орнына құрбыларының бақытын табумен айналысатын бай қыз Эмма Вудхауздың рөлін жас актриса Ане Тейлор-Джой ойнайды. Бір қызығы, махаббат романы режиссер Отем ДеУайлдтың қолында динамикалық комедияға айналған. Сондықтан «Эмманың» жаңа нұсқасын көру артық етпейді. Фильм үлкен экранға ақпанның 14-і шығады.

«Дәрігер Дулиттлдің ғажап сапары»


Роберт Дауни көрерменге «темір адам» емес, ерекше адам ретінде танылмақ. Ол адамдардан тыс өмір сүретін мал дәрігерінің рөлін ойнайды. Алайда күтпеген оқиғадан соң ол жайлы үйін тастап, аңыз аралға аттануға мәжбүр болады. Бұл фильм Хью Лофтингтің балаларға арналған кітабына негізделіп түсірілген. Сарапшылардың айтуынша осы жылдың үздік киносы болуы ғажап емес. 20 ақпаннан бастап прокатқа шығады.

«Дэвид Копперфильд оқиғасы» 


7 мамырдан бастап көрсетілетін кинотуынды Чарльз Диккенс романы желісі бойынша таспаланған. Және оны әр ұрпақ өздігінше түсінеді. Режиссер Армандо Ианнуччи британ классикасын экранға шығару үшін халықаралық актерлер құрамын жиған. Алайда фильм сюжеті өзгеріссіз қалды: басты кейіпкер қарапайым баладан атақты жазушыға дейін қиын жолды бастан өткізеді.

«Пиноккио»


«Пиноккиоға» балалар ертегісі ғана деп қарамаңыз. Оны экранизациялауды атақты итальян режиссері Маттео Гарроне қолға алды.  Кітаптағы барлық фантастикалық және қорқынышты жаратылыс фильмде көрсетіледі. Жыл соңында, яғни, 19 желтоқсаннан бастап үлкен экраннан көрсетілмек.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет қаржыландырған фильмдер келесі жылы прокатқа шығады

заң

«Самұрық-Қазынаның» «Қазақстан халқына» қаржыны толық адармауына не себеп?

самұрық

Квазимемлекеттік сектордан түсетін салық неге азайып кетті?

Квазимемлекеттік сектор

Үкіметтің өзі қарызға батып отыр: Мәжілісте мемлекеттік борыш мәселесі талқыланды

.