USD
USD
USD

Аттракционнан құлаған баланың жағдайы қалай? (Видео)

Көктөбеде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп тұрған аттракционнан ақау шығып, жасөспірім мертікті.

Аттракционнан құлаған баланың жағдайы қалай? (Видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төбе басында тұрған қауіпті ойын құралы жерден адамды көтеріп, қалаға қарай лақтыратыны үрей туғызбай қоймайды. Мейрам қарсаңында болған оқыс оқиға бейнежазбаға түсіп, желіде жылдам тарады. Құлаған жасөспірім аман, бірақ ауыр жарақат алған. 

«Бала ауруханаға түскенде дәрігерлер медициналық тексеру жүргізіп, науқаста көптеген сынықтар бар екені анықталды. Баланың 3–4 омыртқасында компресиялық сынық және сол жақ білек сүйегі,он жақ табан сүйегі мен сол аяғының тобығы сынған. Науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілді», – деді Алматы қалалық балалар жедел жәрдем орталығының бас дәрігері Абай Құсайынов.

Сондай-ақ, ол баланың бүгінгі жағдай орташа ауыр екенін атап өтті. Қазір жасөсіпірім травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский