Референдум Референдум
USD
USD
USD

Илон Маск сотта жеңіп шықты

Жала жапты деп айыпталған Илон Маск сотта жеңіске жетті. Қазылар алқасы британдық дайвер Вернон Ансворттың 190 миллиондық арызын қанағаттандырмады.

Илон Маск сотта жеңіп шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыған дейін әйгілі SpaceX және Tesla компаниясының басшысы Илон Маск сотқа шақырылғанын хабарлаған едік. Болашақтың адамы аталған сыннан да сүрінбей өтіп, өзін ақтап шықты. Кезекті рет жеңіске жеткен Маск ағынан жарылды.

«Адамзат алдындағы сенімім қайта оралды», – деп жазды 48 жастағы миллиардер. 

Маск сотта дайверге айтқан сөздерін басқаша түсінбеулерін өтінді. «Pedo Guy» сөзі мен өскен Оңтүстік Африкада кең таралған сөз. Бұл сөз «алжыған шал» деген мағынаны білдіреді», – деді Илон Маск.

Сондай-ақ, миллиордер сотта Маск Ансворттан кешірім сұрады. 

«Адамдар мені бай деп ойлайды, ал, менің ақшам көп емес», – деді Tesla мен SpaceX компаниясының басшысы.

Forbes журналының жазуынша, Масктың 99 пайыз байлығы Tesla мен SpaceX компаниясының акциялары. Егер 190 миллион доллар айыппұл төлейтін болғанда, Маск акцияларының бір бөлігін сатып немесе қарыз алатын еді.

Оқи отырыңыз: Илон Маскты сотқа берген кім?

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда