Референдум Референдум
USD
USD
USD

Хан Тәңірі етегінде – «СОНАР-2019»

Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Қайнар» ауылында «СОНАР-2019» Халықаралық турнирі өтеді. Оған республиканың түкпір-түкпірінен, көршілес Қырғыз елінен, Қытай, Монғолиядан  құсбегілер қатысады.  

Хан Тәңірі етегінде – «СОНАР-2019»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыс екі кезеңнен түрады: құстың сыны, құсбегінің киім үлгісі, еркін аңға салу, іріктелген  бүркіттер – екінші күні жартылай финалдық кезеңде қоянға, ал, ителгі, қаршығалар қолға шақыру, далбайға шақыру, кептер, қырғауылға салу, үшінші күні финал – түлкіге салынса, қаршыға мен ителгілер қоянға жіберіледі. Сонымен қатар, аңшы иттер(тазы) жарысы да қатар өткізіледі.

Бұл жолғы «СОНАР-2019» турнирінің Нарынқолда өткізудің де өзіндік мәні бар. Халқы қонақжай, қазақтың ежелгі салт-дәстүрі тұнып тұрған, табиғаты тамаша, аң-құсқа бай өңір. Жер-жерден келген құсбегілер Хантәңірдің етегіне жиналады.

 

БАҒДАРЛАМА

7 -желтоқсан.

09.00-10.00 Жарыстың  ашылуы. Жарыстың алғашқы күні. Дайындық кезеңі. Аттың тағаларын қарау, тағалау. Құсбегілердің Қыран құстармен (бүркіт, қаршыға, сұңқар, лашын), аңға шығу дайындығын сынау (қағушылар, із кесушілер, атқосшыларды жасақтау).

а) қақпан, тұзақ, зақпы, белқанжыға, сақпан, шәңгек, шың, дабыл, дауылпаз, дудыға, жанторсық, сырық (індегі аңды алып шығатын құралдарды түгендеу);     ә) арқан, шоқпар, ет қармақ;

б) аттардың тағасын тексеру, тағалау;                     

в) ат әбзелдерінің (қамшы, жабу, ер-тұрман);                      

2) Құсбегілердің ұлттық  киім үлгісі, қыран құстарға қажетті құрал-жабдықтарды (томаға, балақ бау, балдақ, шырға, далбай т.б.) түгендеу.

10.00-11.00. Командалардың  аң  аулайтын аймақтарға аттануы.                     

Жарыс алаңы. Ұлттық спорт түрлері: жамбы ату, аударыспақ, аудан өнерпаздарының концерті.

17.00-18.00.   Аңшылардың аң аулайтын аймақтардан қайтуы.

18.00-19.30.    Кешкі ас. «Қостағы кешкі алау». Аңшының асханасы                       

(Қыран құстар ұстаған аң-құстардың етінен дайындалған ас, кешкі ойын-сауық, ән-күй,  жыр, айтыс).  

  19.30-20.00.  Жарысты қорытындылау. 

 

8-желтоқсан.

09.30-13.00. Командалардың Қыран құстармен (бүркіт, қаршыға, сұңқар, лашын), аңшы (тазы, төбет) иттермен аң аулайтын аймақтарға   аттануы.

14.00-17.00. Жартылай Финал.

Бүркітті қоянға салу.

Сұңқарларды далбайға шақыру.

Қаршығаны кептерге салу.

Курсинг. Иттерді 350-500 метрге жарыстыру.

17.00-17.30  Жарысты қорытындылау.

18.00-19.00  Кешкі ас.

19.00-20.00 Алматы облыстық «Жалайыр Шора-Қыран» Федерациясының Тұсаукесер рәсімі.

«Жігіттің жеті өнері». Құсбегілердің ұлттық өнердегі белсенділігі (шығармашылығы, ұлттық музыкалық аспапта ойнау,  ән-күй орындау шеберлігін сынау т.б.). 

 

9-желтоқсан.

10.00-10.30 Турнирдің Салтанатты ашылуы.

10.30-13.00 Бүркітті түлкіге салу.          

Қаршығаны қоянға, сұңқарларды қырғауылға салу.

Аңшы иттердің иісшілдік қабілетін, жылдамдығын анықтау, түлкіге салу.

13.00-14.00 Түскі ас.

14.00-15.00 Марапаттау рәсімі.

Турнирдің Салтанатты жабылуы.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда