Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қазақстан-Германия 30 экономикалық құжатқа қол қойды

Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында жалпы құны 2,4 млрд долларды құрайтын отыз экономикалық құжатқа қол қойылды. 

Қазақстан-Германия 30 экономикалық құжатқа қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев қол қою рәсімнен кейін журналистерге айтып берді.

«Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары аясында жалпы құны 2,4 млрд доллар отыз экономикалық құжатқа қол қойылды. Оның ішінде қайта өңдеу және машина жасау секілді салалар бар», – деді Б.Сартбаев.

«Олардың басым бөлігі өзара байланысты және жоғары қосымша құны бар өнім өндіреді», – деп атап өтті Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

«Сондай-ақ бүгін қол қойылған басты құжаттардың бірі – Kazakh Invest пен Герман экономикасының шығыс комитеті арасында инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен жоспар. Ол салалардың басым бағытын және нақты ынтымақтастық жобаларын анықтайды», – деп тоқталды ол.

Бір айта кетерлігі, 2005-2018 жылдары Германия Қазақстан аумағына 15 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда