USD
USD
USD

Қазақстанда жалған теракт туралы хабарламалардың саны 3 есе артқан

Бұндай мәліметті Астанада терроризмге қарсы орталық басшысы – Ұлттық қауіпсіздік комитететінің төрағасы Ермек Сағымбаев айтты. Дәл осы мәселе бойынша орталықтың кезекті отырысы өткен болатын. Отырыста не айтылды?

Қазақстанда жалған теракт туралы хабарламалардың саны 3 есе артқан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталмыш шараға Терроризмге қарсы орталықтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың басшылары мен бас прокуратураның басшылығы қатысты.

Ермек Сағымбаев кейінгі кезде Қазақстанда «жалған терроризмнің» фактілері көбейіп кеткенін алға тартып отыр. Мысалы, жалған ақпарат берудің саны 2020 жылмен салыстырғанда үш есеге артқан.

Қазіргі таңда заманауи гаджеттерге көп назар аударылуда. Әсіресе, интернет арқылы жасырын хабарлама беретіндер толық тексеріледі. Мұндай жағдайдың 80 пайызы жалған болып келетін көрінеді. 
Аталмыш оқиғаларға қарсы тұру шаралары да қарастырылған. 
Мысалы, Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша терроризмге қарсы шаралардың ведомствоаралық жоспары әзірленіп, қазіргі таңда мақұлданған.

Сол себепті бірнеше шара дүзеге асырылатын болады. 
Орта мерзімдегі кезең бойынша халықаралық және ведомствоаралық әрекеттерге негізделген кешенді шараларды іске асыру жоспарда бар. Сонымен қатар, материалдық-техникалық жабдықтау да басты назарда. Бұл жерде жақсы мамандармен қамтамасыз ету де, құқықтық нормаларды жетілдіру жұмыстарды қолға алу да кезек күттірмейтін мәселе болып отыр. 

Отырыста аталмыш мәселелер барынша пысықталып, арнайы және құқық қорғау органдарының террорзимге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел іздестіру шаралары кезіндегі өзара әрекеті туралы айтылды.

Бұл жерде басшылардың біліктілігін арттыру шаралары да сөз болды. Өйткені басшылық қандай жағдайға болмасын дайын болып, тиісті шешім қабылдай алуы қажет.

Барлығын айта келе, ақпарат алмасудың маңыздылығы да талқыланды. Өйткені, қазіргі қоғамда түрлі дүрбелең белең алғанда нақты ақпаратқа сену мәдениеті қалыптаспаған. Жалған ақпарат таратушылар да мұның арты немен аяқталатынын бағамдай алмайды. Сол себепті кейбіреулері әзілдеп не болмаса бәстен ұтылып осындай қадамдарға барып жатады. Мұндай қадамға барғандарға қолданылатын жаза да қарастырылған.

"Қазіргі Заңнамаға сәйкес, терроризм актісі туралы көрiнеу жалған хабарлау бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ шектеуге немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындайды", - делінген ведомства таратқан мәліметте.

Сол себепті ойнаймын деп от басудан сақ болған жөн. Жиында осы сынды мәселелер тақыланды. 

 

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі