USD
USD
USD

9 жасар қызды зорлаған педофил 25 жылға сотталды

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 9 жасар қызға сексуалдық сипатта зорлық-зомбылық жасаған 48 жастағы ер адамға үкім шығарды.

9 жасар қызды зорлаған педофил 25 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзі мойындамағанына қарамастан оның кінәсі сараптама нәтижесімен және іс аясында жиналған басқа айғақтар арқылы толық дәлелденді. Осылайша, педофил 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.

Еске сала кетсек, былтыр тамыз айында Абай облысының Үржар ауылында жантүршігерлік жағдай болған еді. Анасының айтуынша, кішкентай қызды көрші тұратын, үйленген, балалы-шағалы 48 жастағы адам зорлаған. Қыз ауыр жарақат алған.

Полицияға арыз жазған анасы сол кезде қылмыстық іс жабылып қала ма деп те қорыққан. Өйткені күдіктінің туысы полицияда жұмыс істейтін көрінеді. Бірақ, міне, оқиғадан бір жыл уақыт өткен соң әділ үкім шығарылып отыр.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net