USD
USD
USD

9 өңірде жаңбыр мен қар жауады

«Қазгидромет» РМК 19 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

9 өңірде жаңбыр мен қар жауады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Күндіз Алматы облысының таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының орталығында және шығысында тұман болжанады.

19 қаңтар күні таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында, 20 қаңтарда түнде таулы аумақта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда күші таңертең және күндіз 23-28 м/с артады.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман сақталады, күндіз облыстың оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік жартысында күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман болжанады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.


 

Қазір оқып жатыр

Заң күшейді, қорқыныш сейілмеді: тұрмыстық зорлық-зомбылық неге толастамай тұр?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Үкімет басшысы лауазымында қалған Бектенов Президентке қандай уәде берді?

Олжас Бектенов

Вакансияны жарияламай адам алған жұмыс берушілерге айыппұл салынуы мүмкін

Іс

Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ләззат Танысбай