USD
USD
USD

9 қарашада Мәжілістің жалпы отырысы өтеді

9 қараша сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

9 қарашада Мәжілістің жалпы отырысы өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Депутаттар алқабилердің қатысуымен сот істерінің санаттарын кеңейтуге қатысты түзетулерді бірінші оқылымда қарайды. Жоба негізінде Қылмыстық-процестік кодекске өзгерістер енгізіледі.

Күн тәртібінде Палата комитеттері бірқатар жаңа жобаларды жұмысқа алуды көздеп отыр. Олар: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін оңайлату және жайылымдарды пайдалану мәселелері туралы заң жобалары.

Бұлардың қатарында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері туралы, сондай-ақ ратификацияланатын заң жобалары да бар.

Сонымен қатар жалпы отырыста Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин депутаттардың сауалдарына жауап береді.

Тікелей эфирді Мәжілістің ресми сайты мен YouTube арнасынан көруге болады. 

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері