USD
USD
USD

Алматы маңында ұшақ құлады

Бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айрылып қалған. 

Алматы маңында ұшақ құлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Апат болған жерде дереу құтқару жұмыстары басталды. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылуда. Соңғы мәліметтер бойынша қаза болғандардың саны 10-ға жеткен. ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды.

Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып шығады. Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Оқиға мән-жайын анықтағанға дейін осы типтегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент