USD
USD
USD

«9-20-25» ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылады?

Қазақстанда «9-20-25» ипотекалық бағдарламасының қашан іске қосылатыны белгілі болды.

«9-20-25» ипотекалық бағдарламасы қашан іске қосылады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Жаңа бағдарлама бір айда дайын болады. Оны келесі жылдан бастап енгізу жоспарланып отыр.

«Халықтың тарапынан қолдау тапқан бағдарлама - «7-20-25». Бірақ оны іске асыру үшін қаражат керек. Ұлттық банк өз лимитін қойды. Ал бұл лимит сұранысты қанағаттандыруға жеткіліксіз. Енді Ұлттық банк осындай шектеу қойғасын біз, Отбасы банкі мен «Бәйтерек» ұлттық холдингі қазір өзіміздің қосымша тағы бір бағдарламаны әзірлеп жатырмыз. Ол - «9-20-25" бағдарламасы: 9 пайыз 25 жылға (алғашқы жарна - 20 пайыз)», - деді Әлихан Смайылов. 

Бұл бағдарлама бойынша жыл сайын 8 мың отбасы жалпы сомасы 150 млрд теңгеге ипотека ала алады. 

«Бағдарламаны іске қосу үшін бізге кем дегенде 1 ай уақыт керек. Келесі жылы бағдарлама болады», - деді Әлихан Смайылов.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған