USD
USD
USD

90 жастағы қарияны көлік қағып кетті

Көкшетауда жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өткен 90 жастағы тұрғынды көлік қағып кетті. Ол алған жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

90 жастағы қарияны көлік қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, маусымның 10-да Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне Әуезов көшесінің «Әнел» дүкенінің тұсында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабар түсті. «Белгілі болғандай, сол күні кешкі сағат 22:57 шамасында «Ваз-2107» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтпек болған 90 жастағы тұрғынды қағып кеткен. Ер адам түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылғанымен, алған жарақаттан көз жұмды», - дейді ведомстводан. ПД баспасөз қызметіндегілер атап өткендей, қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 3 бөлігі (көлiк құралдарын басқарушы, тұлғаның жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережесін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, 4 маусымнан бастап Ақмола облысы аумағында жүргізілген «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы барысында жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ержесінің 448 рет бұзылғандығы анықталды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда төрт бірдей кадрлық ауыс-түйіс болды

Ербол Ізбергенов

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев