USD
USD
USD

90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеген

Бұл қызмет екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында бар. Онлайн-сервис іске қосылғаннан бастап оны 90 мыңға жуық автокөлік иесі пайдаланып үлгерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Автокөлікті несиеге сатып алу кезінде азаматтарға сатып алынатын автокөлікке кепілдікті тіркеу қажет болады. Бұған дейін сол үшін облыс орталығына барып, полицияға тіркелу үшін кепілдік шарттарының бірнеше қағаз данасын тапсырып, содан соң оларды банкке қайта апару керек болатын.

Бұл процесс 3-4 күнге дейін созылып, автокөлік иелері үшін қолайсыздық туғызды. Автокөліктен кепілдікті алу кезінде де банктен несиені толық өтегені туралы жазбаша растау қағазын алу қажет болды, содан кейін оны полицияға тапсыру міндетті еді. Аталмыш процесті жеңілдету үшін ІІМ полиция қызметін қағазбастылықтан арылтып, цифрландыру аясында кепілдікті тіркеу қызметін онлайн-режимге ауыстырды.

Қазір тек банктің қосымшасында авторизациядан өтіп, құжаттарға цифрлық қолтаңбамен қол қою жеткілікті. Содан кейін автокөліктің кепілдігі ІІМ деректер базасында автоматты түрде тіркеледі. Енді азаматтар полиция мен банктерге бармай-ақ, кепілдікті 5 минут ішінде тіркеп немесе тіркеуден алып тастай алады.

Ал кепілдік шарты және оны тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмелері автокөлік иелерінің смартфондарында әрқашан қолжетімді болады. ІІМ бұл сервисті полиция көрсететін қызметтерді смартфондандыру шеңберінде азаматтарға ыңғайлы ету мақсатында әзірледі.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай